Әнші Қaзaқстaн Рeспубликaсының Xaлық әртісі Нұрғaли Нүсіпжанов үйленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қуандық Ешмет есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған.
«Республикасының халық әртісі, Мемлкеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!», — деп жазған Қуандық Ешмет.
Парақшаның иесі «Құрметті қазақ елі! Жеңгеміз құтты болсын!» деп Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра есімі жазылған баннердің алдында тұрған жұбайлардың суретін салған.
«Ол ақпарат біздің Whatsapp-тағы тобымызға келді. Нұрғали ағамызды жақсы танимыз ғой. Ол расталған ақпарат. Мен өзім ол тойға бара алмай қалдым», — деп нақтылады мәлімет Қуандық Ешмет Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.
© instagram.com/quandyqkz
Нұрғали Нүсіпжанов — 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол — Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.