Күйeуін қызғaнғaннaн aуыр дeрткe шaлдыққaн aқын Жaдырa Бaйбұлaнoвa үлгіaлaрлық oқиғaсын 7 aрнaдaғы «Өз oйым» бaғдaрлaмaсындa aйтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қызғаныш сезімнен бе, сенімнен бе?» атты тақырып талқыланған бағдарламада Жадыра Байбұланова өлеңдерінің көпшілігі «қызғаныш» тақырыбына арналған дейді. Оған басты себеп — жолдасы арасындағы қызғаныш сезімі. Олар бір-бірін қатты қызғанып, отбасылық өмірден бас тартуға дейін барған.
Алайда Жадыраның ауыр дертке шалдыққанынан қайта бас қосып, өмірді ұрыс-керіске арнамауды жөн көрген. Уақыт өте келе ол ауруды женген. Дәл осы қызғаныш сезімі менің ауруымды женуге, отбасым үшін аяққа тік тұруыма себеп болды дейді.
«Қызғаныш болмады деп айтпаймын, болды. Қызғаныш деген жалпы менің ойымша, жастыққа тән нәрсе. Үйленгенімізге сегіз жыл болады. Алғашқы жылдары болды. Түн жарымында күйеуіме бөтен қыздар қоңырау шалатын. Көп ренжістік, қызғаныштан бір уақыттары айырылысып та кеттік. Осы стрестердің салдарынан мен бір ауыр дертке шалдықтым. Мирас маған жастығымызды, потенциалымызды өлеңге, әдебит пен шығармашылыққа жұмсайық деген кеңес берді. Бүгінде қызғаныш сезімі жоқ, барлығына парасат-пайыммен қараймыз, — дейді Жадыра Байбұланова.
Ток-шоуға келген тағы бір қонақ Айсұлу Қойшығұлова өзінің басынан кешкен оқиғасын баяндады. Айтуынша, оның отбасының шайқалып, ажырасып кетуіне қызғаныш сезімі себеп болған. Күйеуі оны қатты қызғанып, кейде қол да көтерген. Қазіргі уақытта ол дағдарыс орталығында өмір сүріп жатыр.
«Бірінші күйеуім арақ ішетін болды. Танысқан кезде «Газель» жүргізетін, өз кәсібі және пәтері болды. Ішетінін маған білдіртпеді. Бір жылдай тұрдық, жұмыс істедік. Өзім жетімдер үйінде өстім, 12 жасымда ата-анамнан айырылып қалдым. Психологиялық тұрғыдан ауыр зақым алып, психоз болдым. Кішкентайымнан жақсы оқитын едім, оқуым да бұзылды. Қанша қиналсам да, барлығынан өттім. Үйленгеннен кейін күйеуім қатты қызғанатын еді», — дейді Айсұлу Қойшығұлова.
Бағдарламаға қатысқан ана мен бала орталығының өкілі бес жыл ішінде мекемеде 900-ден аса әйелдердің пана тапқанын айтады.
«Алты айға дейін бізде тегін тұра алады, төрт мезгіл тамақ беріледі. Ана мен балаға сегіз түрлі қызмет көрсетіледі, оның ішінде психологиялық, құқықты, экономикалық, педагогикалық және дәрігерлік көмек көрсетіледі. Сол орталықта Айсұлудың өмір сүріп жатқанына бес ай болды. Бүгінде мекемеде адамдар толық — 50 адам», — деді орталық өкілі.
Айта кетейік, «Өз ойым» бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды.