Дәстүрлі әнші, ҚР eңбeк сіңіргeн қaйрaткeрі Aйгүл Eлшібaeвa Ләйлә Сұлтaнқызы жүргізeтін «The Эфир» жoбaсының қoнaғы бoлды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елшібаева сұхбат барысында дәстүрлі әншілердің бүгінгі жағдайы туралы айтты. Сондай-ақ ол эстрада әншілерінің орындап жүрген әндерін сынға алды. Атап айтқанда Ninety One тобының орындауындағы әндердің сөздерін сынады. Ол әдепсіз сөздер айтылатын әндер эфирге шықпауы керек деп санайды.
«Адам әр елдің музыкасын тыңдау арқылы соның мәдениетін сіңіреді. Егер қазақтың ұлттық музыксы еш жерде ойналмай жатса, біз оны қалай сіңіреміз? Шетелдік эстрада насихатталып жатса, біздің ұлттық музыкамыз қалай дамиды?», — дейді Айгүл Елшібаева.
Сонымен қатар, дәстүрлі әнші қазір университетте сабақ беретінін айтты. Ол бұл жұмысқа Роза Рымбаеваның көмегімен кіргенін мәлімдеді.
Дәстүрлі әнші қазір көптеп болып жатқан тренингтер туралы да пікірін айтты.
«Адамдар кітап оқымайды. Айтып отырғанды естіп, игеріп алғысы келеді. Көбі не естиді, соны қабылдап алады. Бізде бір кезеңдер болды. Диплом сатылды, ешкім оқыған жоқ, көп келіншек қара басып қалды. Білім жоқтықтың нәтижесінен қазір олай балаға тәрбие бере алмайды, не біреуге ақыл айта алмайды. Сондықтан олар қазір тренингке баруға мәжбүр», — дейді Елшібаева.
Айта кетейік, «The Эфир» бағдарламасының мақсаты — танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.